Қарағандыда алимент төлемегендердің берешегі 1,7 миллиард теңгеге жеткен. Жауапсыз әкелердің салдарынан 22 мың бала бұл қаражаттан қағылып отыр. Облыс прокурорының мәліметінше, 86 азамат нақты табысын жасырып келген.
Сондай-ақ сот орындаушылардың әрекетсіздігінен 28 мүлік нысаны, 300-ден астам мал басы мен 22 техника тәркіленбей қалған. Енді құзырлы орган борышкерлерді қылмыстық немесе әкімшілік жаза бойынша қудалауды қарастыруда.
Бекзат Ахметов, облыстық прокуратураның басқарма жетекшісі:
Қазір біз Әділет министрлігіне тиісті құжаттарды жолдадық. Алдағы уақытта алиментті өтемей жүрген борышкерлерді Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша жауапқа тартуды қарастырып жатырмыз. Себебі соңғы кездері кірісін жасырып, алиментті әдейі төлемейін азаматтар қатары жиілеп кетті.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағандыда алимент төлемегендердің берешегі 1,7 млрд теңгеге жеткен&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177546/)