Италияда бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлускониді жерлеу рәсімі өтті. Миланның орталық алаңы мен кафедралдық соборына мыңдаған адам жиналды. Саясаткерлер, кәсіпкерлер, қарапайым тұрғындар мен туған-туыстары, достары бар. Берлускони 86 жасында дүние салды. Ол Италия үкіметін төрт рет басқарды. Берлусконидің алып бизнес-империясына ақпарат құралдары, қаржы, құрылыс, кино салалары мен саяси партия кіргені белгілі.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Италияда С.Берлусконимен қоштасуға халық көп жиналды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177576/)