АҚШ-тың Техас штатында құйын көтерілді. Табиғи апаттан Перритон қаласы аласапыран күйге түсті. Қаза тапқандар бар. Қанша адам қаза тапқаны, қаншасы жарақат алғаны әлі белгісіз. Апат болған аумақта іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Торнадо кезінде коммуналды қызмет, электр желілері, телефон байланысы тәрізді қоғамдық инфрақұрылым тұтастай істен шыққан, көлік қатынасы да тоқтап қалды.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=АҚШ-та құйын көтерілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177603/)