Ақмола облысында шомылу маусымы басталғалы бері 5 адам суға кетіп, қаза болған. Оның үшеуі – бала. Мамандардың айтуынша, аптап ыстықта өзен-көлдерден сая іздеген тұрғындардың қауіпсіздік шараларын сақтамауынан өлім-жітім азаймай отыр. Осыған байланысты бүгінде Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы су айдындарында кезекшілік құрып, жағажайларды бақылауға көшті.
Жаз басталғалы бері шомылу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтамаған 3 адамға айыппұл салынып, өзен-көлдерге мас күйінде түскен 300-ден астам азамат жауапкершілікке тартылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысындағы жағажайлар бақылауға алынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177622/)