Астанада қоян-қолтық ұрыстан дүниежүзілік дода қыза түсті. Байрақты бәсекеге 32 елден 300-ден аса қатысушы келіп, жүлделерді сарапқа салып жатыр.
Жарыстың алғашқы күндері өзін-өзі қорғау бағыты бойынша бәсекелер өткен еді. Енді спортшылар жекпе-жек бағытымен бақ сынап жатыр. Әзірге Қазақстан құрамында 10-ға жуық алтын бар. Ал жарыстың жалпы қорытындысы бүгін белгілі болады. Айта кетейік, спорттың бұл түрінен әлем чемпионаты елімізде алғаш рет өтіп жатыр.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада қоян-қолтық ұрыстан дүниежүзілік жарыс өтіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177721/)