Непалдың шығысында нөсер жаңбыр соңы тасқынға ұласты. Таудан лай көшіп 1 адам қаза тапқан, 25 тұрғын жоғалып кетті. Құрылысы аяқталмаған су электр стансасын да су шайып кеткен. Жоғалған 16 адам осы кешеннің жұмысшылары. Өзгелері — Үндістанмен шекарас елдімекендерде тұратын азаматтар. Қазір олар іздестіріліп жатыр. Непалда әдетте жаңбырлы маусым осы айдың ортасында басталып, қыркүйекке дейін жалғасады.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Непалда нөсер жауын соңы тасқынға ұласты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177731/)