Маңғыстауда жалған дипломмен жұмыс істеген 8 мұғалім анықталды. Қылмыстық іс қозғалып, барлығы да жұмыстан шығарылды. Ал 1 мұғалім қоғамдық жұмысқа тартылды.
Олар Ақтау қаласындағы және Қарақия ауданындағы арнайы орта білім беру ұйымдарында қызмет еткен. 3 мұғалімге қатысты сот үкімі шықты. Оның біреуі кәсіптік білім беру ұйымында заңсыз құжатпен 2 жыл қатарынан жұмыс істегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 30 сағаттық қоғамдық жұмысқа жіберілді. Былтыр аймақта дәл осындай 14 оқиға тіркелген.
Мерген Меңдіғалиев, Облыстық прокуратураның басқарма басшысы:
Тергеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы біздің бүгінгі айтып отырған мәселе жалған дипломды пайлалану, жасау. Қай жерде жасалғанына байланысты қылмыстық істер шеңберінде құжаттар бөлектенеді. Тергеу жүргізіліп, оған баға беріледі.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстауда жалған дипломмен жұмыс істеген 8 мұғалім анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177732/)