Үндістанда үш күнге созылған аптап ыстықтан 100-ге жуық адам көз жұмды.
Уттар-Прадеш пен іргелес Бихар штаттарында ауа температурасы +42 градусқа дейін көтерілді. Марқұм болғандардың көбі – 60-жастан асқандар. Қолайсыз ауа-райынан олардың созылмалы ауруы асқынып кеткен.
Баллия қаласында 400-дей адамның дене қызуы көтеріліп, тынысы тарылып ауруханада жатыр. Ауа-райы болжамына сай, елде аптап ыстық тағы 3-4 күнге жалғасуы мүмкін.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда аптап ыстықтан көз жұмғандар көбейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177742/)