Мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласы белгілі болды. Ол Абу-Дабиде өтетін UFC 294 турнирінде Америкалық Белал Мұхаммадпен кездеседі. Жекпе-жек жиырма бірінші қазанға жоспарланған. Белал Мұхаммад ММА-де 25 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сінде жеңіске жеткен. Ал Шавкат Рахмонов 17 кездесуінің бәрінде жеңімпаз атанған. UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде Шавкат Рахмонов алтыншы, Белал Мұхаммад үшінші орында тұр.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласы белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177782/)