Қазақстан - Германияның индустриясына қажет табиғи ресурстарды игеруде сенімді серіктес болуға дайын. Мемлекет басшысы Қазақстан-Германия бизнес форумында осылай деп мәлімдеді. Әрі неміс компанияларының барлығын Қазақстанға шақырды. Бүгін екі ел табиғи ресурстарды бірлесіп барлау және игеру ісіндегі ынтымақтастықты нығайтуға келісті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Елімізде неміс капиталының үлесі бар 1000-нан астам компания белсенді жұмыс істеп жатыр. Олардың көпшілігі – әлемге әйгілі брендтер, ал басқалары – орта деңгейдегі отбасылық бизнес. Неміс компанияларының барлығын Қазақстанға шақырамыз. Батылдылыққа, нақтылыққа және жауапкершілікке негізделген неміс бизнесінің тәсілін бағалаймыз. Бұл қасиеттер бизнестегі табыс үшін өте маңызды.
Асима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Қазақстан-Германия бизнес форумына қатысты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177843/)