«Алматы-Екатеринбург» тас жолында Қарағанды қаласына 20 шақырым жетпей «Тайота» және «Ниссан» көліктері соқтығысып 6 адам қайтыс болды. Қос автокөліктің жүргізушілері және 4 жолаушы алған ауыр жарақаттан оқиға орнында көз жұмған. Сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді. Жантүршігерлік жол апаты полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар жасалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында жол апатынан 6 адам қайтыс болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177858/)