![Астанада III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/preloader.gif)
25-29 маусым күндері Астана қаласының 25 жылдығына орай III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі өтеді.
Шараға Қазақстан, Қытай, Перу, Түркия, Сербия, Эстония, Ресей, Өзбекстан елдерінен 13 театр қатысады.
Фестивальдің басты ерекшелігі - арнайы номинация жеңімпаздарын Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры» жанынан құрылған театр студиясының алғашқы түлектері, яғни балалар анықтайды. Шараның мақсаты - тағлым тамшысы болған қуыршақ театры өнерін кеңінен дәріптеу, мәртебелі мәдениетімізді, өнегелі өнерімізді дүниежүзіне насихаттау, әлемдік театрлармен шығармашылық қарым-қатынасты нығайтып, тәжірибе алмасып, шеберлікті шыңдау.
Өтетін орны: Астана қаласы әкімдігінің «Қуыршақ театры», «Музыкалық жас көрермендер театры».
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада III Халықаралық «Құралай» қуыршақ театрлары фестивалі өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177866/)