Ақмола облысында пара алған балық инспекторы сот үкімімен 6 миллион теңге айыппұл арқалады. Ол балықшыларға Зеренді ауданындағы Мырза-көлсор су қоймасына емін-еркін кіріп, тыйым салынған қаруларды қолдануларына рұқсат берген. Бұл үшін ай сайын 20-30 мың теңге көлемінде пара алып отырған. Сотталушының кінәсі сотта толықтай дәлелденіп, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Ал пара берген екі балықшыға 2 миллион және 900 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ұмсындық Наурызбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында балық инспекторына 6 млн теңге айыппұл салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177896/)