Жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жалғастыру қажет. Бүгін бір топ депутат жеңіл көлікті 4 пайызбен алуға болатын жобаны жалғастыру үшін утилизациялық алымнан жиналған қаражатты бөлуді сұрады. «Ақ жол» фракциясы «Оператор РОП»-тың қызметі «Жасыл Даму»-ға берілгенімен саладағы мәселе шешілмеді деген пікірде. Ал техниканы утилизациялауға арналған зауыттың бірі бүгінде мүлде істемей тұр екен. Сондай-ақ, олар утиль алымнан түсіп жатқан миллиартардың тиімді жұмсалып жатқанына күмән келтіреді. Сондықтан жиналған қаражат туралы деректерді ашық жариялауды Үкіметтен талап етті.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жалғастыру қажет&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177904/)