Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, ол шамамен 121 мың теңге. Ал зейнеткерлер саны 2 миллион 300 мыңға таяу. Жыл басынан бері оларға зейнетақы төлеу үшін 1 триллион 300 миллиард теңге қаржы жұмсалған. Оның 422 миллиарды базалық, 952 миллиард теңгесі ынтымақты зейнетақыны төлеуге бөлінген.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177924/)