Атырауда үлескерлерді сан соқтырған кооператив төрағасы мен қызметкері 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Екі азамат үй салып берем деп, 271 адамнан 2 млрд теңгедей жинап алған. Алайда құрылыс орта жолдан тоқтап қалған. Іргетасы 3 жыл бұрын қаланған тұрғын жайлардың қазіргі құны 1 млрд 400 млн теңгеге бағаланып отыр. Енді жәбірленушілер азаматтық сотқа қайта арызданбақ.
Бақтыгүл Жұмағалиева, Атырау қаласының тұрғыны:
Талабымыз орындалғанымен ақшамызды қайтарған жоқ. Қазір 6 жылға сотталды олар. Ол аз. Қазір біз азаматтық сотқа шағымданамыз.
Абылайхан Алтынбек, Атырау қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры:
Жәбірленушілердің өтініш хаттары қанағаттандырылды. Сол қанағаттандырудың негізінде атқару парағын алады. Сол атқару парағы жеке сот орындаушыға түседі. Әрмен қарай сол жеке сот орындаушылары арқылы өндіріп алады ақшаларын.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда үлескерлерді алдағандар 6 жылға сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/177954/)