АҚШ-та сүңгуір қайықтың апатына не себеп болғаны анықталып жатыр. Ол үшін арнайы комиссия құрылған. Жағалау күзетінің контр-адмиралы Джон Могердің айтуынша, қазір айғақтар жиналып жатыр. Осыдан кейін куәгерлерден сұрау жоспарланған. Бастысы – апатқа және бес адамның өліміне не себеп болғанын анықтау.
Еске салайық, Титаник кемесі жатқан жерге бару үшін бортына 5 адам мінген «Титан» өткен дүйсенбіде Атлант мұхитында жоғалып кетті. Кейін сол аймақтан батискафтың сынықтары табылды.
Джон Могер, жағалау күзетінің контр-адмиралы:
Сүңгуір қайықтың бөлшектері табылғаннан кейін іздеу-құтқару жұмысы аяқталды. Жағалау күзеті апаттың себебін анықтау үшін Теңіз кеңесін шақырды. Бар мүмкіндіктерді пайдаланып, мейлінше мұқият жұмыс жүргіземіз.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Титаник» кемесін көруге аттанған қайық апатының себебі анықталып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178097/)