Абай облысындағы Үржар ауданы Науалы балалар үйінің әкімшілік қызметкерлері 6 миллион теңге қаржы жымқырған. Мекеменің бас есепшісі мен директоры өздеріне жоғары жалақы тағайындап, іс сапар шығындары мен сыйақылардың көлемін артығымен рәсімдеп отырған. Тексеру кезінде нақты жалақы мен алынған еңбекақының арасындағы айырмашылық жер мен көктей болып шыққан. Оған қоса, қос басшы жұмыс істемейтін азаматтардың атына да айлық есептеп, қалтаға басқан.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Балалар үйі басшыларының кінәлары дәлелденсе 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.