Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Жогорку Кенеш төрағасы Нурланбек Шакиевті қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы қазақ-қырғыз қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, екі ел арасындағы тауар айналымын 2 миллиард долларға дейін жеткізу көзделіп отырғанын айтты. Өз кезегінде, Нурланбек Шакиев қазақ халқына тән қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын жеткізді. Кездесуде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы қарқынды дамып келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178128/)