Қытайдың Сычуань провинциясында нөсер жауын жауып, лай көшкіні жүрді. Бірнеше адам жоғалып кеткен. Мыңға жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Табиғи апат болған аймақта іздеу-құтқару жұмыстары әлі жүріп жатыр. Оған 400 адам жұмылдырылған. Дегенмен құтқару жұмыстарын жүргізу оңайға соқпай отыр. Себебі лай көшкен аумақ таулы жерде орналасқан.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайдың Сычуань провинциясында нөсер жауын жауып, лай көшкіні жүрді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178188/)