Петропавлда лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара беріп, мемлекет қаржысын жымқырған кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты.
2021 жылы Мамлют, Есіл және Уәлиханов аудандарында жолдарды жөндеумен айналысқан «Авеон-Север» серіктестігің директоры Вячеслав Старухин атқарылған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қою үшін бірнеше рет пара берген. Сонымен қатар «Петропавл-Мамлютка» тас жолында автокөліктері кедергісіз жүруі үшін дәнекер арқылы көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлеріне ақша ұстатқан. Жол жөндеу кезінде 30 млн теңгені қалтасына басқан. Старухин 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өткереді. Пара алған мемлекеттік қызметшілерге де жаза тағайындалды.
Эльмира Кәленова
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Петропавлда лауазымды тұлғаларға бірнеше рет пара берген кәсіпкер 9 жылға сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178194/)