Баспананы несиеге алатындар көбейген. Биыл 5 айдың өзінде ел тұрғындары 4 трлн 800 млрд теңгеге ипотека рәсімдеп үлгерген. Бұл 4 жарым пайызға көп. Баспананы несиеге алғандардың дені – астаналықтар. Банк қала тұрғындарына 1 жарым трлн теңгеге жуық қарыз берген. Одан кейін алматылықтар 1 трлн теңгеге, қарағандылықтар 307 млрд теңгеге ипотека алған. Ал жылжымайтын мүлік үшін ең аз несие рәсімдеген Ұлытау мен Жетісу облыстарының тұрғындары екен.
Айя Мүтәлі
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Баспананы несиеге алатындар көбейген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178204/)