Геннадий Головкин рингке оралмақ. Қазақстандық кәсіпқой боксшының болжамды қарсыласы мен жекпе-жектен алатын гонорары белгілі болды. Триплджи пуэрторикалық Эдгар Балангмен жұдырықтасуы ықтимал. Ол қазірге дейін 21 кездесу өткізіп, оның 16-ында нокаутпен жеңіске жеткен. Жекпе-жекте Головкин 15 миллион доллар табуға мүмкіндігі бар. Сарапшылар бокс кеші тартысты болатынына сенімді.
Асылбек Данияр
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Геннадий Головкин рингке оралады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178222/)