Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Бір-бірін Құрбан айт мерекесімен құттықтап, бауырлас халықтарға игілік пен бақ-береке тіледі. Әңгіме барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы серіктестікті одан әрі дамыту жайы талқыланды. Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178233/)