Астанада жаңа ауыз су станциясының бірінші кезеңі іске қосылды. Нысанның қуаттылығы қалаға тәулігіне 35 мың текше метр су беруге шақталған. Станцияның құрылыс-монтаж жұмысы аяқталып, су дайындау жүйесіне тестілеу жүргізіліп жатыр. Тамыз айында екінші кезеңін бастау жоспарланған. Нұра жерасты су кен орнынан су құбырын жобалау және Телман ауылындағы сорғы-сүзгі қуатын кеңейту жұмыстары да аяқталуға жақын. Сондай-ақ, қаланы жылумен жабдықтаудың қосымша көлемімен қамтамасыз ету үшін екі газ жылу станциясының құрылысы жүріп жатыр. Жұмыстарды жылыту маусымына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада жаңа ауыз су станциясының бірінші кезеңі іске қосылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178272/)