Қостанай облысында бруцеллез жұқтырғандар көбейді. Алты ай ішінде 21 адамнан осы індеттің таяқшасы табылған. Олардың төртеуі бала. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5 пайызға көп. Ал республикалық орташа көрсеткіштен 2 есе жоғары. Бруцеллез дерті ішкі органдарды зақымдап, асқынған жағдайда кемтарлыққа соқтыруы мүмкін. Індет адамға ауру малдың етін, сүтін тұтынғанда жұғады.
Гүлім Досымова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Барлық жағдайда ауырған адамдар індетті өздерінің үйіндегі жануарлардан жұқтырған. Әзірге олардың арасында дерті асқынғандар жоқ. Тиісті емшараларды қабылдап жатыр.
Дәуренбек Әбдібек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында бруцеллез жұқтырғандар көбейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178322/)