Қостанай облысында бруцеллез жұқтырғандар көбейді. Алты айда 21 адамнан індеттің таяқшасы табылған. Оның төртеуі бала. Бұл былтырғымен салыстырғанда 5 пайызға көп. Бруцеллез дерті ішкі органдарды зақымдап, асқынған жағдайда кемтарлыққа соқтыруы мүмкін. Індет адамға ауру малдың еті мен сүтінен жұғады.
Гүлім Досымова, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Барлық жағдайда ауырған адамдар індетті өздерінің үйіндегі жануарлардан жұқтырған. Әзірге олардың арасында дерті асқынғандар жоқ. Тиісті емшараларды қабылдап жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында 21 адам бруцеллез жұқтырған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178338/)