Қытайда өтетін отыз бірінші Дүниежүзілік Жазғы универсиадаға Қазақстан құрамасы да қатысады. Студенттер арасындағы байрақты бәсекеде жерлестеріміз спорттың 10 түрінен бақ сынайды. Ол: садақ ату, гимнастика, жеңіл атлетика, семсерлесу, дзюдо, жүзу, үстел теннисі, таеквондо, оқ ату, және ушу. Қазақстан делегациясының құрамында 116 адам, оның ішінде 90 спортшы, 20 жаттықтырушы, штабтың 6 өкілі және медицина қызметкерлері бар. Әлемдік жарысқа қатысу үшін республикалық бюджеттен 244 миллион теңге бөлінген. Универсиада ойындары 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Чэнду қаласында өтеді.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда өтетін отыз бірінші Дүниежүзілік Жазғы универсиадаға Қазақстан құрамасы да қатысады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178367/)