«Qazaqstan дауысы» мега жобасының жаңа маусымына іріктеу аяқталды. Кастинг онлайн, ал Астана мен Алматыда офлайн жүргізілді. Барлығы 6 мыңға жуық өтініш түскен. Қазір қайта тыңдау және іріктеу жұмыстары жүріп жатыр. Мега жобаның түсірілімі тамызда басталады. Жаңа маусымда көрермен назарына ұсынылады деп жоспарланған.
Мұқағали Қуатұлы, «Qazaqstan дауысы» жобасының продюсері:
Шетелден өтініш бергендер көп. Олардың ішінде Грузия, Белоруссия, Қырғызстан, Өзбекстан, Қарақалпақстан, Ресей мемлекеттерінен келгендер бар. Моңғолиядан келді. Сұраныс көп. Қатысқысы келгендер көп болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Qazaqstan дауысы» жобасына іріктеу аяқталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178406/)