Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын да қабылдады. Ғалымжан Пірматов мемлекет басшысына әлемдегі және елдегі экономикалық ахуал, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар, төлем балансының динамикасы, сондай-ақ Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы баяндады. Пірматовтың айтуынша, Ұлттық банк қабылдаған шаралардың нәтижесінде инфляция бәсеңдеп келеді және банк болжамына сай қалыптасып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасын да қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178442/)