Израиль әскері Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дженин босқындар лагеріне рейд жүргізуге кірісті.
Палестиналықтардың сөзінше, қалада қазір зымыран атылып, қарулы шайқас жүріп жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, 3 адам қаза тауып, 20-дан астамы жараланған.
Израиль «Дженин батальонына» кіретін «Хамас», «Ислам жиһады», «Фатх» тәрізді топтардың қару-жарақ қоймалары мен басқару орталығын жою үшін әскери операцияны бастаған. Палестиналық содырлар болса, Израиль оккупациясын тоқтату үшін соңғы демі мен оғы қалғанша соғысатындарын ескертіп отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Израиль әскері қарулы топтарға қарсы рейд жүргізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178447/)