Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды алуға ұсынылған, алдын ала іріктеуден өткен жұмыстардың тізімі бекіді. Комиссия шешімімен келесі кезеңге 8 жұмыс жіберілді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен техникалық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Онда ұсынылған 13 жұмыс әрі сараптама нәтижелері қаралды. Сондай-ақ медицина және денсаулық сақтау, инжиниринг, технология, әлеуметтік-гуманитарлық, ауыл шаруашылық ғылымдары секциялары бойынша жасалған сараптамалық-талдамалық ұсыныстар таныстырылды. Екінші кезеңге өткен жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Асима Нұрбайқызы