Түркістан облысының Кентау қаласында 100-ге жуық адам астан уланған дәмхананың 6 бірдей қызметкерінен стафиллакокктың қоздырғышы анықталды. Тағы екі қызметкерден сальмонеллез таяқшалары табылған. Дәл осы бактерияны ауруханаға жатқызылған 19 тұрғын жұқтырған. Сондай-ақ сальмонеллез тауық етінен де табылды дейді мамандар. Бүгін науқастардың бәрі ауруханадан үйлеріне шығарылды.
Айнұр Әбілқасымқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кентауда астан уланған дәмхананың 6 бірдей қызметкерінен стафиллакокктың қоздырғышы анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178478/)