Атырау облысында электр энергиясын беру толық қалпына келтірілді. Жұмысын авариялық жағдайда тоқтатуға мәжбүр болған мұнай өңдеу зауыты қазір технологиялық қондырғыларын кезең-кезеңімен іске қосып жатыр. Кәсіпорында баптаулар мен тексерулер кестеге сай жүргізіледі.
Айта кетейік, кеше Маңғыстау атом энегетикалық комбинатының нөмірі бірінші энергия блогында апат болып, Атырау өңірі тұтастай жарықсыз қалған еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында электр энергиясын беру толық қалпына келтірілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178493/)