Уимблдонның былтырғы чемпионы Елена Рыбакинаның суреті бейнеленген «Қазпошта» маркасы шығарылды. Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, бұл – ел тарихында теннисшінің суреті басылған бірінші пошта маркасы. Елена Рыбакина Қазақстанда теннистің кеңінен таралуы үшін көп еңбек сіңірді. Сондай-ақ бүкіл әлемде Қазақ елінің абыройын арттыруға өз үлесін қосты, дейді.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елена Рыбакинаның суреті бейнеленген «Қазпошта» маркасы шығарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178551/)