Абай облысының Көкпекті ауданында тұтанған қамыс өрті бүгін таңғы сағат 7:00-де толығымен сөндірілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі осындай хабар таратты. Тілсіз жау 2-ші шілде күні Көкпекті ауданы Үлгілі Малшы ауылынан 50 шақырым жерде тұтанған болатын. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Ғарыштан жасалған түсірілімге сәйкес, жалын 910 гектарға жуық жерді шарпыған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абай облысының Көкпекті ауданында тұтанған қамыс өрті толығымен сөндірілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178557/)