Атыраудағы Каспий жағалауында тағы да қамыс өртеніп жатыр. Қызыл жалын шарпыған аумақта аэровизуалды барлау жүргізілді. 5 тілсіз жау ошағы анықталды. Әзірге 5 гектардан астам аумақтағы өскіннің күлге айналғаны белгілі. Желдің бағыты теңізге қарай болғандықтан, елді мекендерге қауіп жоқ. Қамыс өртін сөндіруге ТЖД мен «Ақ Жайық» Мемлекеттік резерватының 55 қызметкері, 13 бірлік техника, 2 бірлік мотопомпа; және «Казавиаспас» компаниясының МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атыраудағы Каспий жағалауында тағы да қамыс өртеніп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178635/)