Мәдениет және спорт министрлігі әлемдік байрақты бәскелерде топ жарған атлеттер мен бапкерлеріне өмір бойы төленетін ай сайынғы сыйақы көлемін бекітті. Материалдық көмек мөлшері мынадай: Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегерлері, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионы атағын жеңіп алған спортшылар 345 000 мың теңге алады. Сәйкесінше, спортшылардың жаттықтырушыларына да дәл сондай сомма көлемінде ақы төленіп отырады. Бұйрық 16 шілдеде күшіне енеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы төленетін сыйақы бекітілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178723/)