Үндістанда толассыз нөсер жаңбыр жауып, су тасқыны жүрді. Табиғи апаттан 22 адам қаза тапқан. Көшелер өзенге айналып, ел астанасы Нью-Делиде мектептер жабылды. Билік тұрғындарға мейілінше үйде отыру қажеттігін ескертті. Химачал-Прадеш штатының басым бөлігінде жауын-шашынның 1 айлық мөлшері түскен. Айта кетсек, Үндістанда өткен айда жаңбырлы маусым басталды. Мұндай ауа райы қыркүйекке дейін жалғасады.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үндістанда толассыз жаңбыр жауып, су тасқыны жүрді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178743/)