Боксшылар Мырзағали Айтжанов бас жаттықтырушы болып тағайындалғанға дейін допинг қолданған. Тиісті ережені сақтамаған. Бокстан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы допинг дауына іліккен 2 боксшыға қатысты осындай пікір білдірді. Тыйым салынған препараттар адамның азғасында 3-4 ай, кейде бір жылға дейін болады. Мырзағали Айтжанов болашақта мұндай жағдай қайталаманбайды деп отыр. Оның айтуынша оқу-жаттығу жиындары болған сайын спортшылар допинг тестен өтеді. Еске сала кетейік, бокстан ұлттық құраманың мүшелері Саматәлі Төлтаев пен Абзал Серік 3 жылға спорттан шеттетілді. Допингке қарсы орталықтың мәліметінше, олар рингке тек 2026 жылы оралады.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Боксшылар Мырзағали Айтжанов бас жаттықтырушы болып тағайындалғанға дейін допинг қолданған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178777/)