Пәкістанда маусымның 25-нен бері тасқыннан қаза тапқандар саны 86-ға жеткен. 151 адам жараланды. Бұл туралы елдің Табиғи апаттармен күрес басқармасы мәлімдеді. Үздіксіз нөсерден әсіресе Пенджаб провинциясына орасан шығын келген. 100-ге жуық баспана қирап, үй жануарлары қырылып қалды. Құтқару операцияларына үкімет, коммерциялық емес ұйымдар мен еріктілер тартылған.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Пәкістанда тасқыннан қаза тапқандар саны 86 адамға жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178789/)