Павлодар облысындағы «Ертіс Орманы» резерватында өрт шықты. Шарбақты және Аққулы аудандарындағы Сейтен, Бесқарағай, Тойбоғар орманшылықтарында өрттің қоламтасын өшіріп жатыр. Шамамен 1 гектарға жуық орман жанып кеткен. Ал Екібастұзға жақын Құлакөл ауылында түнде құрғақ шөп жанып, мамандар қызыл жалынды таң ата әрең ауыздықтады. 50 гектардай аумақты жалын шарпыған. 3 күннен бері аймақта күн қатты ыстық. Өрт қаупі күшті, сондықтан төтенше жағдай қызметкерлері күшейтілген режимге көшті.
Болат Аманбаев
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысында 1 га орман алқабы өртеніп кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178843/)