Баянауыл ұлттық табиғи паркі аумағын жібек құрты басып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауыл ұлттық табиғи паркі аумағын жібек құрты басып кетті

13.07.2023

Аптап ыстық зиянкестердің көбеюіне де себепші дейді мамандар. Баянауыл ұлттық табиғи паркі аумағын жібек құрты басып кетті. Зиянкестер бірнеше күнде ағаштарды жалаңаштап тастаған.

Жібек құртының ошағы былтыр да пайда болып, 30 гектардан астам ағаштың жасыл желегін тып-типыл қылған еді. Жергілікті тұрғындар зиянкестердің кесірінен ауладағы жеміс ағаштарының да өспей қалғанын айтады. Әзірге шығын көлемі белгісіз. Жергілікті атқарушы билік жағдайды бақылауға алды.

Ардақ Ксентаев, Баянауыл ауданының әкімі:

Нақты көлемін білмеймін. Ол жерге гирбицидтерді пайдалануға тыйым салынған. Ол жер Ұлттық табиғи парк. Ерекше қорғалатын аймақ. Сол себепті жеке-жеке сол ағаштарды залалсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу