Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті. Нидерланд бастамасымен болған әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен перспективаларына баса мән бере отырып, екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін қарастырды. Нидерланд Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция құю жөнінен бірінші орында тұр. Былтыр өзара сауда-саттық 26 пайызға артып, 6 миллиард долларға жақындады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Нидерланд премьер-министрінің міндетін атқарушы Марк Рюттемен телефон арқылы сөйлесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178879/)