Оңтүстік Кореяда дамылсыз нөсерлі жауын жауды. Осының салдарынан өзендер арнасынан тасыды. Елді алапат тасқын тығырыққа тіреді. Табиғи апаттан 24 адам қаза тапқан. Хабар-ошарсыз кеткендер бар, іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Тағы 9 адам жараланды. 7 мыңнан аса тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Құтқару жұмыстарына әскерилер де жұмылдырылды. Ауа райы болжамына сай, нөсер жауын ертең де жаууы ықтимал.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Кореяда су тасқынынан 24 адам қаза тапқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178939/)