Бүгін еліміздің бірқатар аймағында мобильді интернет істен шығып, тұрғындардың наразылығын тудырды. Шағым - Kcell/Activ ұялы байланыс операторына қатысты. Әлеуметтік желі қолданушылары проблеманың әсіресе Астана мен Қарағандыда болғанын жазды. Компанияның баспасөз қызметі ақау болғанын растады, қазір Kcell/Activ жұмысы қалпына келді деп хабарлады. Техникалық ақаудан зардап шеккен абоненттерге бонустық интернет-трафик беріледі.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін еліміздің бірқатар аймағында мобильді интернет істен шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/178974/)