Швейцарияда орман өрті қаулап жатыр. Тау етегінде орналасқан бірнеше ауыл тұрғындары көшірілді. Вале кантонында тұтанған тілсіз жауды сөндіруге 200 маман, армия, полиция жұмылдырылған. Құтқарушылардың сөзінше, өртпен күрес күні-түні жалғасады. Жалын лапылдаған өңірде аптап ыстық. Сынап бағанасы +30 градусты көрсетіп тұр.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Швейцарияда орман өрті қаулап жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179018/)