Еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері белгілі болды. Үкімет жариялаған құжатқа сай ел экономикасы былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 5 процентке көтерілген. Ал тауар өндірісінің көлемі 4,8 пайызға артып, қызмет көрсету саласы 4,9 процент өсім көрсетті.
Негізгі капиталға салынған инвестиция 13 процентке көбейіп, 6 триллион 700 миллиард теңгеден асты. Әсіресе көлік, денсаулық сақтау, сауда, ауыл шаруашылығы мен білім салаларына салынған инвестиция көп. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі 3,5 пайызға артқан.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші белгілі болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179039/)