Қазақ қолөнері америкалықтар назарында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ қолөнері америкалықтар назарында

18.07.2023

Қазақ қолөнері америкалықтар назарында. АҚШ астанасы Вашингтонда қолөнершілеріміз өздері жасаған бұйымдарды таныстырды. Дәстүрлі Смитсон фольклорлық фестиваліне алғаш қатыстқан қазақ шеберлері қандай ұлттық жәдігерлерді ұсынды?

АҚШ астанасының төрінде өткен мәдени шараға қазақ қолөнершілері бірінші рет қатысып тұрса да америкалықтарды бей жай қалдырмады. Еліміздің мықты деген сегіз шебері ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық қол өнердің бір бөлігін жұрт назарына ұсынды. Көрермен кесте тоқу, ұршық иіру, ағаш ою, музыкалық аспаптар жасау секілді ұлттық өнерді өз көздерімен көрді. Әсіресе киіз басу рәсімі ерекше ұнағандай. Жасы да жасамысы да жабыла ат салысты.

Изи, Вашингтон тұрғыны:

Бұл өте таң қаларлық. Осылай пістелеу арқылы анадай керемет киіз шығарады.

Эмма, Вашингтон тұрғыны:

Бұл күрделі болмаса да көп уақыт талап ететін дүние. Әбден иін қандыру үшін ұзақ жұмыс істеу керек.

Заманына сай амалы. Бізбен пістелеу киіз басудың жаңа әдісі екен. Шеберлер қазақы киіз жасаудың дәстүрлі тәсілдерін де қатар таныстырды.

Ажар Алтынсақа, Қазақстан қолөнершілері одағының өкілі:

Біз қазір американдықтарға қалай дамып жатқанымызды көрсетейін деп едік. Біз үшін жаңа техникалар да дәстүрлі техникалар да маңызды.

Ержан Ашықбаев, ҚР АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі:

Орталық Азиядан тек Қазақстанның экспозициясы тұр осы жерде. Ғаламдық бәсекелестік десек мәдени салада да сондай бәсеке бар.

Екі аптаға созылып, миллионнан аса турист тамашалайтын фестиваль Америка астанасындағы ең ірі мәдени шара саналады. Жарты ғасырдан астам уақыттан бері тұрақты өтіп келе жатқан шараға әлемнің тоқсан елінен қол өнершілер қатысады. Енді олардың қатарына қазақ шеберлері де қосылды.


Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу