Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бір аптада екі рет дала өрті тіркелді.
Тұғыржап ауылынан 7 шақырым жерде қурай жанып, «Орлиногорск» орман шаруашылығына дейін жетті. Осының салдарынан 3 гектарға жуық алқаптағы ағаш күлге айналған. Жалпы қызыл жалын шарпыған аумақ 1 мың гектардан асты. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО Ақжар ауданында бір аптада екі рет дала өрті тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/179072/)